Желдің қатты соққаны сонша, жақында ғана ашылған мектеп жәрмеңкесінің орнында тек үйінділер қалған. Сауда орнының астаң-кестеңі шыққанын көрген сатушылар әуелгіде абдырап қалған. Олар басында мұны әлдебір бұзақылар жасады деп ойлапты. Қатты соққан желден 19 шатыр қираған. Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ.