Бұл туралы "Алау". порталы хабарлады.
Оқиға 22 мамырда күндізгі уақытта болған. Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкийдің айтуынша бала ауруханаға түскен кезде қатты суықтап қалған. "Бізге түскенде оның жүрегі тоқтап қалған болатын. Түнімен біздің дәрігерлер оның өмірі үшін арпалысты, алайда бүгін таңертең ол қайтыс болды. Баланың салмағы жақсы болып туған - үш жарым келі. Біз мұндай жағдайға есеңгіреп қалдық", - деді бас дәрігер. Нәресте Қостанайдың туберкулез диспансері маңындағы қоқыс жәшіктерінің бірінен табылған. Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметі барған. Нәрестені жәшіктен полицейлердің бірі алып шыққан.
Оқи отырыңыз:
Тәжікстанның дінбасылары Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға рұқсат берді
Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты
Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді