Қостанайда қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

"43 жастағы Марат Мұқашевты ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері "Бамбук" мейрамханасында құрықтады. Одан 4 грамм героин тәркіленді. Есірткілік сараптама көрсеткендей, оның қанынан да марихуана мен героин анықталған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полицияның хабарлауынша, онымен бірге 3 грамм героинмен Ресей азаматы, Мәскеудің 48 жастағы тұрғыны да ұсталды.

Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

Полиция мәліметінше, "Маратенок" басқарған қылмыстық топ Қостанай өңірінің аумағында кәсіпкерлерді бопсалаумен, бизнеске "қамқорлық" жасаумен, қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастырумен шұғылданып келген.