Қостанайда салмағы 350 келі болған әйел қайтыс болды

Қостанай тұрғыны 39 жастағы Галина Воробьева қайтыс болды, оның салмағы 350 келіден асып кеткен болатын, - деп хабарлайды Аlau.kz қалалық аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаевқа сілтеме жасап. 

Травматологиялық бөлімнің меңгерушісі әйел адам қалалық ауруханаға бірнеше күн бұрын түскенін айтады. 350 келі Қостанай тұрғынын ауруханаға ТЖ департаменті жеткізді. Оны терпевт дәрігерлер қарады. 

"Оны біздің бөлімге жатқызды. Әйел адамға УДЗ жасалып, анализдер алынды. Ол өзін жақсы сезінді, үйіне қайтқысы келген. Бүгін оны ауруханадан шығару керек болған. Бірақ ол түнде қайтыс болды", - деді бөлім меңгерушісінің орынбасары Марал Әбілқасымова. Портал мәліметінше, әйелге сот медициналық сараптама тағайындалған. 


Осыған дейін, әйел адам мен оның туыстары қостанайлықтардан БАҚ арқылы көмек сұраған. Воробьеваның артық салмақ қосуы мектеп кезінен басталған. 14 жасында оған "туа біткен жүйке жүесінің ауытқуына байланысты зат алмасуы бұзылған" деген диагноз қойылған.