Соколов- Сарыбай комбинатының басшылығы құйтырқы жолмен мол табыс тауып келген. Яғни өз өнімінің бағасын қағазда төмендетіп көрсетіпті. Акционерлер осы арқылы салықты аз төлеуге тырысқан. Бірақ бұл қулық іске аспай қалды. Мемлекетті алдамақ болғандардың енді салықты тиісті мөлшерде төлейтіні былай тұрсын, оларға ірі көлемде айыппұл салынды.