Қостанайда сауналардың бірінде полиция қызметкері қайтыс болды.
Жексенбі күні қаладағы сауналапдың бірінде 33 жастағы ер адамды тоқ соғып қайтыс болған. Бұл туралы бүгін облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға болған жерге полиция мен жедел жәрдем шақырылған. Қайтыс болған азамат қалалық ішкі істер басқармасында жұмыс істейтін полиция қызметкері болған.
Моншада үш ер адам болғаны анықталды. Олар ішімдік ішпеген.
Қазір осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот-дәрігерлік сараптама тағайындалған