Қостанайда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин, соғыс және еңбек ардагерлері, саяси қуғын-сүргін құрбандарының туыстары, облыстық мәслихат депутаттары, жастар ұйымдарының, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, ұстаздар қауымы мен студенттер қатысты.

Өз сөзінде аймақ басшысы С.Кулагин: «Аға ұрпақ пен олардың бастан өткен қайғы-қасіреттерін есте сақтау - біздің парызымыз. Бұл ешқашан ұмытуға болмайтын тарихи сабақ. Біз демокартия, тәуелсіз Қазақстан үшін жанын құрбан еткен мыңдаған жерлестеріміздің әрқайсысын мәңгі есте сақтауымыз керек», - деп атап өтті.