Қостанайда шиеден уланған балалар реанимациядан бір-ақ шықты

Оқиға Жаңақой ауылында болды. Ойын балалары көршілерінің бақшасына кіріп, шиеден үзіп жеген. Сол күні кешке барлығының іштері бүріп, дене қызулары көтеріліпті. Ал 1 жарым және 5 жасар екі бала тіпті естерінен танып қалған.  Дәрігерлердің айтуынша, бақтың иесі жеміс ағаштарына фосфорлы тыңайтқыш сепкен болуы керек. Бұл химиялық заттың ересектердің ағзасына аса зияны жоқ болғанымен, балалар үшін өте қауіпті. Ұшынып қалған жеткіншектер алды жақын күндері үйлеріне жіберілмек.

Карина Федорова:

-Ішім ауырды. Құсқым келді. 

Loading...