17 мамырда Қостанайдың солтүстік-шығыс ауданындағы «Юбилейный» тұрғын үй кешені маңынан 21 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Хабар 24.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жерде газ құбырын орнату жұмыстары жүріп жатқан. Жігіттің денесі сол жердегі арнайы жөндеу жұмыстарына қазылған шұңқырдан табылған. Мерт болған жігіт Затабол елді мекенінің тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталуда.
Оқи отырыңыз:
Алматыда шаштараз өртеніп, 15 жасар қыз зардап шекті