Қостанайда темірбетон шығаруға арналған құны 1 млрд теңге зауыты іске қосылды

Қостанайда "БК-Строй" ЖШС құрамалы темірбетон шығаруға арналған құны 1 млрд теңге зауытты іске қосты, деп хабарлады қалалық әкімшіліктің өнеркәсіп бөлімінің бастығы Әлия Сағадиева.


           Зауытта жабындылар, ригель, үйлердің іргетасын қалауға арналған блоктар шығарылмақ.
           Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына шамамен 46 мың шаршыметр темірбетон болмақ.
           "БК-СТРОЙ" ЖШС жобалау жұмыстарымен, үй салумен айналысады.