Қостанайда төрт жастағы қыз 5 қабаттан құлап кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 1 маусым күні кешкі сағат 21-44-те Қостанайда Қайрбеков көшесінде орын алды, деп хабарлайды Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ата-анасы жұмыста болды, кішкентай қызды үйде 3 үлкен баланың қамқорлығына қалдырды. Бір сәтте бала қараусыз қалып, ашық қалған терезенің жақтауына көтерілді. Төрт жастағы қыз москит торына сүйеніп тұрып, төменге құлап түсті.

Зардап шегуші шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды.