Қостанайда трактор тіркемесі жер үйді қиратып төрінен бір-ақ шықты


Трактордың тіркемесі ажырап кетіп 5 қабатты үйге барып соғылыпты. Зейнеткер бұл кезде бөлменің ішінде отырған. Оқыс оқиғадан аздап шошып қалғаны болмаса, қатты жарақат алмапты. Аяғын аздап ауыртып алған. Ал үйдің қабырғасы түгел қирағаны көрініп тұр. Апат кезінде зейнеткердің өзі тіркемеден төгілген астықтың астында қалған. Қазір фирма қожайындары бүлінген қабырғаны қайта қалпына келтіріп, есік-терезесін бүтіндеп берді. Күпті көңілі орнына түскен зейнеткер, кейін трактордың иесін де кешірген.