Баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі сығымдалған тротил кубигі мен тұтандырғыш сымды өз үйінің подьезінің алдынан 26 жастағы тұрғын тауып алған. "29-наурызда үйден шыққан ол подьезд жанынан полиэтилен дорбаға салынған әрбіреуінің салмағы 200 грамм болатын екі сығымдалған тротил кубигін тауып алған",- деп хабарлайды полиция.
Ол дорбадағы затты полиция бөлімшесіне алып келген.
Қазір Қостанай қалалық оңтүстік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тергеу алдындағы тексерулер жүргізуде, оның барысында жарылғыш заттардың шығу тегі мен иесі анықталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті