Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, "халықаралық конференцияның мақсаты - Қазақстан Республикасының қылмыстық сот өндірісіне алдын-ала тергеу кезінде соттан санкция беру институтын енгізу мәселелері бойынша талқылау жүргізіп, конструктивті ұсыныстар енгізу болып табылады".
"Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғаларды тұтқындауға және оларды қамауда ұстауға санкция беру құқығын прокуратурадан сот органдарына беру - уақыт талабы және демократиялық тұрғыда дамыған құқықтық мемлекеттің нышаны", - деп мәлімдеді конференцияда сөз алған ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Николай Татаринов.
"Іс жүзінде кейбір қиындықтар туындаруы ықтимал, бірақ бұл әзірге заң емес, тек қана заң жобасы, және онда бірқатар негізгі принциптер ғана бар", - деді Н. Татаринов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті