Тексерушілер 380 түрлі азық-түлікті сүзгіден өткізген екен. Сөрелерде жайнап тұрған жеміс-жидектердің құрамына да көз жүгірткен. Сынаққа түскен көкөністерден нитрат табылғанда, дәрігерлер шалқасынан түскен. Өйткені, қышқылдың нақ осы түрі адамның өміріне аса қауіпті екен. Атап айтсақ, улы зат оңтүстіктен жеткізілген қызыл шие мен көк пияздан шыққан. «Қара тізімді» шетелдерде ғана пісетін - авокадо, киви, манго, апельсин сынды экзотикалық жемістер де толықтырды. Дәрігерлер енді бұл тағамдардан аулақ жүру жөнінде кеңес беріп отыр.