Қостанайда ұлын тастай қашқан ата-анаға іздеу жарияланды

Дереу барлық қызметкерлер айналаны қарап шыққанымен, сәбиді әкелген адам табылмады. Бүлдіршінге қарап нашар отбасынан шыққан деуге келмейді. Киімі таза, қарны ашпаған. Ал оны дарбазадан асыру үшін екі адамның күші керек,- дейді мұндағы мамандар. Бірі оны көтеріп, екіншісі биік қоршаудың арғы жағынан қабылдап алғанға ұқсайды. Әзірше, мекеме қызметкерлері оны Дамир Баймағамбетов деп атап жүр. Өйткені әлеуметтік мекеме Баймағамбетов атындағы көшеде ораналасқан. Қазір ұл баланың туған-туыстарына іздеу жарияланды.

Loading...