Қостанайда жарылғыш заттың кесірінен жас бала саусақтарынан айырылды

Қостанайда белгісіз заттың жарылуы салдарынан жас бала саусақтарынан айырылды. Облыстық балалар ауруханасына 14 қаңтар күні жарақат алған 10 және 13 жасар екі бала түсті деп хабарлайды Alau.kz Қостанай ІІД-не сілтеме жасап.



"Полицейлер белгісіз заттан зардап шеккен жасөспірімдер дерегі бойынша сот алды тергеу жүргізуде. Тергеу барысында сырттай петардаға ұқсайтын затқа сараптама жүргізіліп, оқиғаның себебі анықталады", — деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі. Жарылыс толқыны балалардың бірінің бірнеше саусағын жұлып әкетіпті, қатты күйік жарақатын алып, көп қан жоғалтқан