Қостанайда жазасын өтеушілер пластикалық бөтелкелерден танк жасап шығарды

Жасыл-қара түсті «Т-34» колониядағы басты алаңға қойылған. Шеберлер оны құрастыруға 10 күнін жұмсап, 250-ге жуық құтыны пайдаланыпты. Нәтижесінде ұзындығы 2 метр, ал биіктігі 1 жарым метрді құрайтын қолөнер туындысы жасалған. Танктің үстінде ту бар, жанында мәңгі алау тұр. Тек бұларға қағаз қораптың қиындылары пайдаланылған. Олар түрме маңынан жиналған екен. Ал колония әкімшілігі бар болғаны бояуға ғана ақша бөліпті.

Анатолий Чеботарев, жазасын өтеуші:

- Менің атам соғысқа қатысқан. Биыл 93 жасқа келеді. Танкті отряд болып жасадық десек те болады. Біріміз бөтелке жинап, енді біріміз қағаз іздедік. Меніңше, бұл нағыз жеңістің белгісі болуы тиіс. Өйткені, танксіз жауды жеңіу мүмкін емес еді ғой.

Loading...