Қостанайда жеті балабақша жабылып, бес мектепте сабақтар қысқартылды

Бүгін Қостанайдың білім беру бөлімінің білім мекемелерінің жұмысыны қамтамасыз ету секторының меңгерушісі Евгений Терентьев мәлімдегендей, судың жоқтығы салдарынан балаларды жет балабақша қабылдамауда.

«Балалар кішкентай, оның үстіне горшоктарды жуу керек, тамақтану дұрыс болуы керек. Сондықтан апат салдары қалпына келтірілгенге дейін мекемені жабу туралы шешім қабылданған. Бес мектепте 45 минуттық сабақ 30 минутқа дейін қысқартылған. Техникалық су жеткізілген, алайда оқушыларға тамақ берілмейді», - дейді Е.Терентьев.

Оның айтуынша, балалар мекемелерінде шектеу сәрсенбі, 22 қазаннан бастап енгізілген.


Бұрын хабарланғандай, дүйсенбіден бастап орталық сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі апат салдарынан Қостанайдың бірнеше ауданы сусыз қалды.