Қостанайда жоғары лауазымды шенеунік пара алғаны үшін құрықталды

Шенеунік 5000 АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан сәтте бопсалаушылық жөніндегі күдікпен ұсталды. Параға жауап ретінде қитұрқы шенеунік бір автокәсіпорынның жұмысынан анықталған заң бұзушылыққа "көз жұма қарауға" уәде берген. Кәсіпорын қызметкерлері болса ҰҚК-нің көмегіне жүгінді.

Шенеунік параны алған соң ұсталды. Оның үстелінен белгі соғылған қағаз ақшалар табылды, деп хабарлайды департаменттегілер.

Қазір алдын-ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы толық жария етілген жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті