Caravan Logo

Қостанайда жойқын жарылыс болды

Қостанайда жойқын жарылыс болды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Алау» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлердің сөзінше, жарылыс дөнер жасайтын орын мен техникалық қызмет көрсету бекеті орналасқан ғимаратта орын алған. 

Кей мәліметтер бойынша, техникалық қызмет көрсету бекетінде газ құрылғысы орнатылып жатқан екен. Ғимараттың күл-талқаны шығып, өртке оранған. 

Куәгерлер үйінді астынан бірнеше адамның шығарылғанын хабарлады. 

Қазіргі уақытта оқиға орны қоршауға алынған. Ол жерде шұғыл қызметтер қызметкерлері жұмыс істеуде.