Қостанайда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Қостанай полициясы автобустың жаяу жүргіншіні қағып кетуі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуд, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Жол-көлік апаты қала орталығында болды, MAN маркалы маршруттық автобус жүргізушісі 65 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған. «Жол-көлік апаты салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, алайда көп ұзамай көз жұмды», -- делінген хабарламада. Апат кезінде жаяу жүргіншінің мас болғаны анықталды, ал жүргізуші сау.