Қостанайда жұрт рубльге таласып жатыр

Бірақ айырбастауды қалайтындар санының көптігінен орыс ақшасы бәріне бірдей жетіп жатқан жоқ. Кей орталықтар тіпті рубльге бірер күн бұрын-ақ шектеу қойған екен. Әсіресе, екінші деңгейлі банктер. Сондай-ақ 8-ші желтоқсаннан бері елдегі ресейлік банктер несиелеу жүйесін де тоқтатып отыр.

Виктория Литовкина, Қостанай қаласының тұрғыны:

- Абыр-сабыр бар қазір. Ресейлік қана емес, қазақстандық банктер де айырбас жасмаймыз деп отыр. Сондықтан шағын айырбас нүктелерін аралап жүрмін. Бірақ оларда да рубль қалмапты.