Қостанайдағы дәмханалардың бірі Американың газдалған сусындарына қарсы «санкция» енгізді

«Біз америкалық «Coca-Cola» сусынын ас-мәзірінен алып тастадық. Сондай-ақ, аталған компанияның «Fanta», «Sprite», «7up» сынды сусындарын да сатпаймыз. Себебі, біз американдық өнім өндірушілерді қолдағымыз келмейді. Сондықтан, осындай шағын санкция енгізіп отырмыз», - дейді дәмхананың қожайыны болып табылатын «Автодом Motors KST» ЖШС маркетинг бөлімі өкілдері.

Айтуларынша, компания салауатты өмір салты мен жергілікті өндірушілерді қолдау саясатын ұстанады.

«Ғаламторда кока-коламен дәретхананы қалай жууға болатыны туралы бейнероликтер көптеп көрсетіліп жатады. Оның зияны болмаса пайдасы жоқ деп ойлаймыз», - дейді компания өкілі.


Клиенттер де дәмхананың бұл саясатына түсіністікпен қарайды. Алайда, компания Еуропаның тауарларынан бас тартпақ емес.