Caravan Logo

Қостанайдағы орман алқабынан өнеркәсіптік жарылғыш заттар табылды

Қостанайдағы орман алқабынан өнеркәсіптік жарылғыш заттар табылды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Аталған факт 17 маусым күні Қонай ауылынан екі шақырым жерде тіркелген. «Интер-стиль» ЖШС қызметкерлері орман алқабынан өнеркәсіптік жарылғыш заттар элементтерін тапқан.

«Серіктестік мамандары «Петроген П-34» элементінің 9 данасын тапты. Бірақ, олардың тұтататын пілтелері жоқ.  Жарылғыш заттар Қостанай облысы ІІД жедел тобына тапсырылды», - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнында 12 ТЖД және 6 жергілікті полиция қызметінің мамандары мен ҰҚК қызметкерлері жұмыс істеді.