Қостанайдағы уақытша тергеу абақтысынан бір тұтқын қашып кетті

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылының тұрғыны, 28 жастағы Сергей Дудник адам денсаулығына ауыр зардап шектіргені үшін Қостанайдағы УК 161/2 түзету мекемесінде 7 жылдық жаза мерзімін өтеп жүрген. 19-тамызда ол қылмыстық істі тексеру барысында беті ашылған кейбір жайттарға байланысты қосымша тергеу амалдары үшін уақытша тергеу абақтысына жеткізілген. 29-тамыз күні уақытша тергеу абақтысы бастығының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасарының жұмыс бөлмесінің терезесін жұлып алған қылмыскер қашып кеткен.

Қазір тәртіп сақшылары қылмыскерді қарқынды іздестіріп жатыр.