Қостанайдағы зауытта елу тонна күнбағыс дәні өртеніп кетті


Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт «К-ОЙЛ» ЖШС-не тиесілі рапс зауытының кептіру камерасында болған. 50 тонна күнбағыс дәні өртеніп кетті.
Тілсіз жауды ауыздықтауға қолайсыз ауа райы қолбайлау болды. Көшедегі желдің екпіні секундына 20 метрге жетті. Қар жауып, боран болды, делінген хабарламада.
«250 тонна дәнді сақтап қалдық. Адам шығыны жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр», - делінген хабарламада.