Қостанайдың 13 тұрғыны дәмханада тамақтан уланды

С.Байменова осы орынның атын атауға құқығы жоқ екенін атап өтті және департамент онда тексеріс жүргізе алмайды. Себебі қызметкерлердің әрекеті шағын және орта бизнес кәсіпорындарын тексеру моратийімен шектелген.

Дегенмен, ауруханада жатқан 13 адамның бесеуінен сальмонелл анықталған. Басқа науқастарға қатысты сараптамалар әлі тергелуде, деді ҚазАқпаратқа түсініктеме берген департамент басшысының міндетін атқарушы С.Байменова.


Департамент мәліметі бойынша, дәмхана жұмысын 12 сәуірден бері тоқтатқан.

С.Байменова департамент қызметкерлерінің құзырлы органдардан дәмхананы тексеруге кірісу үшін рұқсатын күтіп отырғанын мәлімдеді.