Қостанайдың бұрынғы әкімі желтоқсанға дейін қамауда отырады

Жемқорлыққа қатысты айыпталған Ахметбек Ахметжановтың ісін тергеушілер тексеріп үлгермей жатыр. Бұған дейін оның қызметін асыра пайдаланғаны ғана айтылған. Енді өзге де былықтары әшкере болыпты. Сондықтан тергеушілер қамауды тағы бір айға ұзартуды сұраған. Енді қарашаның аяғына дейін Ахметбек Ахметжановтың қала орталығындағы үйінен рұқсатсыз аттап басуға құқығы жоқ. Қостанайлық экс-әкімнің екі орынбасары да жемқорлыққа байланысты шатылған-ды. Мақсұт Қалиев автокөлік құжаттарын рәсімдейтін орталықты салып бітіруге рұқсат беруі үшін 13 млн теңге талап етсе, Фрунзик Аракелян бір компанияның мүддесін қорғаймын деп 300 мың теңге пара алған.

Loading...