Қостанайдың ескі зират ауданында алты келі сынап табылды

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша 8 сәуірде Қостанайда Маяковский мен Красноармейский көшелерінің қиылысында ескі зират ауданында денекерленген колбалардың ішінен 6 келіден аса сынап табылды (сынаптың жалпы салмағы 6,2келі).

Сынап "Шаруа" ЖШС уақытша сақтауға жөнелтелді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.