Қостанайдың полицейлері үлкен сомадағы ақшамен және қару-жарақпен тығылып жүрген инкассаторды ұстады

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Рудный қаласында 27-қазанда инкассатор қызметінің отыз тоғыз жасар қызметкері 1 млн 775 мың теңгені иеленіп, белгісіз жаққа қашып кеткен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы жедел-тергеу тобы оқиға болған жерге мұқият тексеру жүргізіп, қылмысқа инкассатор қызметінің қызметкерінің қатысы бар деген күдік туған.

"Бір тәулік өткеннен кейін ол Ресей аумағында, Южно-Уральск қаласында құрықталған. Ақшаның жартысын ол жұмсап үлгерген, қалғанын полиция қызметкерлері тәркілеген. Одан әрі жедел-тергеу шараларын жүргізе келе қару-жарақ та тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр",- деп хабарлады Қостанай облысының ішкі істер департаментінің бірінші орынбасары, полиция полковнигі Марат Ысқақов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті