Алғаш рет түз тағыларының жүзге тарта өлексесі Амангелді ауданынан табылған болатын. Қазір ол екі жүз есеге артты. Сондықтан індет ошағында бес жүзге тарта маман мен сексен техника тексеру жүргізіп жатыр. Дегенмен толассыз жауған жауын жұмыстарына кедергі келтіруде. Дәл осы өңірге іргелес Ақтөбе облысында да қырылған киіктердің өлекселері табылды. Ырғыз-Торғай резерватындағы жүзден аса жануарлардың да іштері кеуіп өлген. Сондықтан ақтөбелік мамандар да киікті қырған індет - пастереллез деген болжам айтып отыр.
Loading...