Цирконий концентратының он тоннасы Көкшетаудан Новосібірге жеткізілмек болыпты. Алайда Тобыл бекетінің шекарашылары арнайы құрылғының көмегімен оның қауіпті екенін анықтаған. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары вагонды ажыратып, оны карантинге жіберді. Санитарлар да сынама алып, көп кешіктірмей қорытындысын шығаруға уәде еттті. Қазір вагондар қала шетіндегі теміржол тұйығында қырағы күзеттің бақылауында тұр. Сондықтан мамандар тұрғындарға қауіптің жоғын айтуда. Барлық сараптама қорытындысы шыққанша вагондардағы тауарлар да түсірілмейді. Ал оның қаншалықты зиянды екені жақын күндері белгілі болмақ.
Алмат Қанатхан, «Қостанай» бекеті басшысының міндетін атқарушы:
-Қазір желілік полиця бөлімшесі тексеру жүргізіп жатыр. Кеше ғана санитарлық қызмет радиактивті заттың қауіптілігін тексеріп кетті.
Loading...