Қостанайлықтар Швейцария, Норвегия, Германия, Австралия, Финляндия чемпионаттарында өнер көрсететін футболшылардан жасақталған қарсыластардың қақпасына алғашқы допты пенальтиден Константин Головской енгізді. Ойынның екінші жартысында Сергей Костюк оны 3:0-ге дейін жеткізді. Африка құрлығының аяқдопшылары қостанайлықтарға кездесудің аяғында 1 доппен ғана жауап бере алды. Украиналық Вячеслав Грозный тізгінін ұстаған «Тобыл» командасының Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны 25 қаңтарға дейін созылмақ.