«Біздің қостанайлық боксшымыз Иван Дычко олимпиадаға жолдама жеңіп алды. Лондонда Иван міндетті түрді олимпиада чемпионы атанады», - деп мәлім етті жаттықтырушы Сапабек Мұқышев.
Оның айтуынша, бірінші кездесуде Иван сербиялық спортшыдан басым түсске, екінші жекпе-жегінде қытайлықты тізе бүктірді, ал олимпиадаға жолдама үшін үшінші, ширекфиналдық кездесуде хорват Филип Хрговичты жеңді.
14 жылдың ішінде алғаш рет Қостанай спортшысы Олимпиада ойындарына қатысады. «Иван Александр Мирошниченкодан кейін олимпиадаға қатысуға қол жеткізе алмаған қостанайлық боксшылардың көпжылдық сәтсіздіктер тізбегін үзді», - дейді Иванның екінші жаттықтырушысы Владимир Шайрер.
Еске сала кетейік, Лондондағы олимпиаданың алдындағы соңғы әлем чемпионатына барлық елдерден боксшылар қатысты. Ширек финалдан жоғары көтерілгендер олимпиада ойындарына барады. Қазақстан құрамасы – Баку қаласында өткен чемпионаттағы фавориттердің бірі. Боксшыларымыз үмітті ақтады: қазір қоржынымызда олимпиадаға бес жолдама бар, олар Лондонда алтын әкелуі мүмкін.
ҚР бокс федерациясының хабарлауынша, 4 қазанда Әділбек Ниязымбетов, Данабек Сужанов, Ғани Жайлауов және құраманың капитаны Серік Сәпиев жекпе-жектерде жеңіске жетіп, Лондондағы олимпиада ойындарына жолдамаға ие болды.