«Қарасу ауданының спортшысы турнирде нағыз ерлік жасады. 21-23 жас тобында өнер көрсеткен Елена бірінші орын алды. Біздің тағы бір жерлесіміз – Қостанай ауданының спортшысы Әнуар Қозыбаев – жетінші орын алды. Нәтижесінде ҚР ұлттық құрамасы Ресей мен Белоруссияға ғана дес беріп, басқа он жеті құраманы артта қалдырды», - дейді спортшының жаттықтырушысы Б. Данияров.
Полиатлоннан әлем чемпионаты 20 елдің 86 спортшысының басын қосты.