Қостанайлық келіншек Астана вокзалында босанып қалды


Әйелге жедел жәрдем бригадасы мен теміржол қызметкерлері барлық қажетті көмекті көрсеткен. Бұдан кейін сәби мен оның анасы қаладағы перзентханалардың біріне жеткізілген. Арайлым күйеуі және екі баласымен Тараздағы туыстарына бара жатқан екен.

“Жолға шығар алдында өзімді жақсы сезінген болатынмын. Маған көмектерін аямай көрсеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне, пойыз басшысына, жолсерікке, медбикеге, барлығына алғыс айтамын. Ұлымыздың атын Әбдірахман деп қойдық”, – дейді Арайлым Асқарбекова.