Бұл туралы "Наша газета-ға" сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.
"Бірінші күні жылы болды, бірақ, баяу жел және аздаған қар болды. Сол қалтамды жаппаған едім, қар толып қалыпты. Екінші және үшінші күндері суықтау болды. Соңғы күні көктайғақ жүрісті қиындатып жіберді. Дегенмен мақсатыма жеттім және бұған дән ризамын. Қосалқы шаңғының қажеті болмады. Осы сапардан кейін Әулиекөлге батыл аттана берсем болады", - деп өз әсерін бөлісті Мұхамедқали Асқаров.
Саяхат барысында қария екі рет түнеп шығу үшін аялдапты. Біріншісінде Озерный ауылындағы өз қарындасының үйіне, екіншісінде Успеновка ауылындағы мектеп директорының үйіне қонған. Сонымен бірге, ол Воронеж ауылында түстенуге де бір тоқтаған.
"Федоровкадағы жігіттер несіне осылай саяхаттайсың деп сұрайтын. Мен жастардың қызыға бастағанын, кейбірі тіпті құлшынып тұрғанын байқадым. Көпшілік менің телефон нөмірімді жазып алды. Менімен жазғы саяхатқа, одан кейін су саяхатына барғысы келеді. Өмірімде алғаш рет менен қолтаңба сұрап отыр, бұған дейін мұндай болмапты", - дейді қария.
Саяхаттан үйіне оралған Мұхамедқали ата өзі жоспарлағандай Қостанай облысы әкімінің бүгінгі халықпен кездесуіне қатысты.