Қостанайлық құтқарушылардың ескертуін балықшылар мен адамдар елер емес

Биыл өзеннің қатқан бетінің қалыңдығы былтырғы көрсеткіштен екі есе жұқа екен. Қалыпты жағдайда 80 см-ді құрауы тиіс мұз қазір 40 см-ге әзер жетеді. Ал ауа райының күрт жылынуы жағдайды одан сайын қиындатқан. Сондықтан төтенше жағдай департаментінің мамандары балық аулауға және шаңғымен сырғанауға шықпауға шақыруда. Бірақ шынайы қауіпті түсіне беретін жандар аз секілді. Себебі қатқан өзен бетімен көлікпен жүретін адамдар да көптеп кездеседі. Қыстың басында Тобылда қайғылы оқиға болған еді. Ол кезде өзенге шыққан үш балықшы бір-бірін құтқарамын деп суға кетті. 

Loading...