Қостанайлық спортшы Наталья Кузьмина пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

«Наталья 84 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын артта қалдырып, алтын медаль жеңіп алды. Үш күрестен бойжеткен 560 килограмм көтерді! Отыруда Наталья 230 кг, жатып көтеруде - 125 кг, тұрып көтеруде 205кг көтерді», - дейді жаттықтырушы Максим Лысенко.

Жасөспірімдер арасында пауэрлифтингтен әлем чемпионаты Канаданың Мус-Джо қаласында өтті.

Әлемдік деңгейдегі жарысқа 30 елдің атлеттері қатысты. Қазақстанның ұлттық құрамасының құрамында 15 спортшы өнер көрсетті.