Облыс басшылары гроссмейстерді Тәуелсіздік күніне бағышталған салтанатты шараларға қатысуға арнайы шақыртып отыр, деп хабарлайды әкімдік жанындағы шахмат клубының директоры Валерий Решетов.
«Осыдан тура тоғыз жыл бұрын Анатолий Карпов біздің шахмат клубымыздың ашылу салтанатына қатысқан болатын. Мақтанарлық ісіміз көп. Карповтың барлық орта мектептерде шахмат пәнін енгізу идеясын қолдайтыны белгілі. Жақында осы бастаманы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қуаттаған болатын. Біздіңше, бұл өте орынды сапар болғалы тұр», - дейді сұхбат беруші.
Жоспар бойынша, А.Карпов клуб мүшелерімен бір уақытта 15 тақтада шахмат ойнайды. Қазір клубта 5 пен 20 жас аралығындағы жүзге жуық адам жаттығып жүр.