Қостанайлықтар улы газдан қырылып жатырмыз деп шу көтерді


Владимир Захарченко,Новотроицк ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Подгородка ауылыныдағы барлық тұрғын қырылуға жақын. Жел соқса, айналаны сасық иіс алып кетеді. Дем алу мүмкін емес.

Тройцк  жылу электр станциясы Ресеймен шекаралас жерде орналасқан. Қаланы электр энергиясымен қамтамасыз етіп, оның қалдықтарын Шұбаркөлге жіберетін көрінеді. Себебі, екі жақтың арасындағы келісім сондай. Бірақ көлге кететін қалдық  тиісті мөлшерден асып кеткен дейді тұрғындар. Ол үшін ресейліктер өткен жылы 50 миллион, ал биыл 6 жарым миллион теңге айыппұл төлепті. Радиацияның әсері күшті болғандықтан ауру-сырқауға шалдыққандар көбейген. Тіпті үй жануарларының төлдері мутантқа көбірек ұқсайды. Тұрғындар мұның барлығына станцияның зиянды қалдықтары әсер етіп отыр дейді.