Қосымша ақы алады: Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі" туралы заңға қол қойды


Заңдардың мәтіндері баспа түрінде жарияланады.

Құжатта оқытушылардың құқықтық мәртебесінің, олардың әлеуметтік қорғалуының сапалы жақсаруына ықпал ететін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу қарастырылған.

Атап айтсақ, жалақыны 25 пайызға көтеру, мұғалімдерді әдеттен тыс қызметтерге тарту үшін айыппұл салу. Мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруға бағытталған материалдық ынталандырудың нормалары қарастырылған - бұл сыныпты басқарғаны және дәптерлерді тексергені үшін қосарланған төлемдер; педагогикалық шеберлік үшін үстеме ақы; барлық мұғалімдердің демалыс кезеңін 56 күнге дейін ұлғайту; тәлімгерлік және басқа шаралар үшін қосымша төлемдер.