Қосымша жезөкшелікпен айналысқан тележүргізуші жұмысынан қуылды

26 жастағы Сенала Нурич қосымша ақша табуы үшін жезөкшелікпен айналысатынын мойындады. Бойжеткен бұлайша қосымша табыс табудың еш сөкеттігі жоғын айтты.

Телеарна басшылығы ойын-сауықтық бағдарламаның рейтингі жоғары болғанына қарамастан оны жабуға шешім қабылдады.

Нуричтің өзінің айтуынша, ол ер адаммен қалыпты секс үшін $500, ал топ болып айналысса $1000 табыс табады. Оған көбіне бизнесмендер келеді екен. Тележүргізуші олардың үйіне өзі барады.


«Менің клиенттерімнің бәрі көрікті азаматтар. Кейбір қыздар оларды армандаумен жүр. Олар маған ақша беріп қана қоймай, иіссу, іш көйлек сынды небір сыйлықтар береді», – дейді бойжеткен.

Елде жезөкшелікпен айналысуға тыйым салынғанымен тележүргізуші одан қорықпайтынын жеткізді. Ол сүйіктісінің саясаткер екенін, сондықтан істі болам деп қорықпайтынын айтты.