Ол Ыстанбұлдағы (Түркия) бокс кеші аясында үндістандық Кулдип Сингхпен (8-5-1, 5 КО) кездесті. Крузервейттегі WBC «Таяу шығыс» (WBC Middle East) чемпиондық белбеуі бәске қойылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Айқаста Қожамбердиев мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл Еділдің 2021 жылғы желтоқсаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі. Ол кезде Еділ түрік Хамза Гюнешті (6-1, 4 КО) бірінші раундта жеңіп, бос тұрған бірінші ауыр салмақтағы UBO Intercontinental белбеуін иеленген еді.