"Былтыр еліміздің экономикасы қарқынды деңгейде дамып, экономикалық өсімі алдын ала мәліметтер бойынша 8,7 % құрады", - деді К. Мәсімов.
Сондай-ақ, ол атап өткеніндей, "халықаралық нарықта несие беру тәртібі күшейтілгендіктен, Қазақстан банктерінің сырттан қарыз алу мүмкіндігі азайды ". "Осыған орай 2008 жылы ЖІӨ өсімі 5 - 7 % құрауы мүмкін",- деп атап өтті премьер.
"Қаржы нарығын реттеу және қаржы ұйымдарын бақылау агенттігі мен Ұлттық банктің биылғы жылдағы басты мақсаты елдің тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етіп, сыртқы нарықта пайда болатын жағдайларға орай туындайтын жүйелік тәуекелдерді басқару", - деді премьер-министр. Ол айтқанындай, "Ұлттық банктың қаржы-несиелік саясатынында инфляцияны тежеуге арналған шаралар қолданылып, 10 % аспауы керек".