"Республикада 2007 жылдың аяғында белсенді түрде жұмыс істеп жатқан шағын кәсіпкерлер қатары 680 мыңнан асып, 100 кәсіпорын болды ", - деді Ғ. Оразбақов.
Оның берген мәліметтері бойынша 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы шағын кәсіпкерлер қатары 19,8 пайызға өскен.
"Шағын және орта бизнес иелері 2007 жылдың қаңтар мен желтоқсан айлары аралығында 2 трлн теңгеден аса қаржыға бағаланатын өнім шығарған. Бұл былтырғы жылмен сәйкестендіргенде 18,7 пайызға артық", - деп атап өтті министр.
Индустрия және сауда министрі атап өткеніндей, ҚР 2007 жылы шығарылған өнеркәсіп тауарлары былтырғы жылдармен сәйкестендіргенде 4,5 пайызға артып, 7,7 трлн теңгені құрады. Министрдің деректері бойынша, тау -кен өнеркәсіп саласында 2007 жылы 4,4 трлн теңгеге (2,6% өсім ) өнім шығарылса, қайта өңдеу кәсіпорындарында 2,9 трлн теңгеге (6,7%) тауар өндірілді. "Ал газ бен су, электр қуатын өндіру және жеткізу салаларында 421,3 млрд теңгеге өнім өндіріліп, өткен 2006 жылмен салыстырғанда 7,3 % жоғары болды", - деп айтты Ғ. Оразбақов.
"Тағы да бір айта кетерлік жәйт, тау-кен саласымен салыстырғанда, өнім өндірісінің көлемі жағынан өңдеу кәсіпорындары екі жыл қатарынан жақсы көрсеткіштерге жетіп отыр", - деп атап өтті ол.