ҚР 2008 жылы инфляция бір сандық көрсеткішпен белгіленетін болады

"Күрделі факторлар болмаған жағдайда, жылдық инфляция деңгейі айтарлықтай төмендейді", - деді Ю. Герасименко. "Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамының күрт өзгеруіне жол бермейді, бірақ бұрынғыдай бағамдардың деңгейлері белгіленбейді. Бұл шаралар инфляцияның бір сандық көрсеткішін құрап, ол 10%-дан жоғары болмайды",- деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Ю. Герасименко атап өткеніндей,Ұлттық банк 2008 жылы өзінің ставка пайыздарын көтеруіне орай, ақша несиелік саясатын жетілдіру жұмыстарын жалғастырады. "Біз екінші деңгейдегі банктерге қайта қаржыландыру заемдарын, СВОП валюталық операциясын жүргізу және Ұлттық банктегі банктердің есеп-шотында қалған қаржысы кепіл ретінде сақталып, қысқа мерзімді заемдарды беретін боламыз", -деп хабарлады ол.

"Біз жағдайдың нашарлау мүмкіндігін жоққа шығармаймын, алайда оның болу мүмкіндігі аса жоғары емес. Жағдай нашарлайтын болса, онда біз қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтап қалу үшін тиісті шараларды қолданатын боламыз. Бұл екінші деңгейдегі банктер үшін белгіленген ең төменгі резервтік талаптар нормаларының айтарлықтай төмендетілуі де мүмкін дегенді меңзейді ", - деп мәлімдеді Ю. Герасименко.

"Соған қарамастан Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге тікелей ұзақ мерзімді көмек көрсетуден тартынады. ҰБ Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен бірлесе отырып, банк секторына қолдау көрсетудің түрлі механизмдерін дайындап, қолданатын болады. Олар: облигациялық операцияларды жүзеге асыру, даму институттары арқылы қаржы тарту. Әрине, бұл Ұлттық банктің мақсаты емес екенін бәрі түсіну керек, оның бәрі қаржы секторына қолдау көрсететін үкіметтің механизмдеріне жатады",- деді ол.