"Қазақстанның жол көлік саласында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" дәлізінің халықаралық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл Орталық Азия мен Батыс Еуропа арасындағы ең қысқа жол болып, Қытайдан және Оңтүстік -Шығыс-Азиядан Еуропа мен Ресейге шығатын дәліз", - деп жобадан мысал келтірді С. Ахметов.
"Бұл учаскедегі Самара -Шымкент дәлізі еуропалық Е-30 және Е-40 көлік магистральдарын қосатын негізгі жол және Еуропа мен Ресейді Азиямен жалғастыратын дәліз. Ал Ақтөбе-Қызылорда-Үшарал-Достық ТРАСЕКА жолына толық сәйкес келеді", - деді ҚР ККМ басшысы.
Сонымен қатар, 2008-2018 жылдары Орталық-Азия аймағының көлік секторының экономикалық ынтымақтастық ұйымының қабылданған стратегиясына сәйкес, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" Азиядағы алты ықтымақтастық дәлізінің негізгісі болып табылады.
ККМ басшысының пікірінше, Қазақстан территориясы арқылы ТРАСЕКА-ның жаңа бағытының негізін 2015 жылға дейін көлік стратегиясында құрылысы қарастырылған екі темір жол кұруы мүмкін (Қорғас - Жетіген, Бейнеу - Жезқазған). "Бұл жобалардың жүзеге асырылуы Қытай, Оңтүстік Шығыс және Орталық Азия, Иран, Кавказ, Еуропа арасында қолайлы транзит жағдайын құрып, жүк және жолаушы тасымал жолын 500 шақырымға қысқартуға болады", - деді С. Ахметов.
Министрдің пікірінше, Қазақстан, Түркіменстан және Иран арасындағы шойын жол құрылысы ТРАСЕКА дәлізі учаскелерін қайта қарастырып, жаңартуға мүмкін береді. Сондай-ақ, Еуропа елдері және Иран, Түркия мемлекеттері арасындағы транзиттік тасымал жағдайын айтарлықтай жақсартып, кейін оған Пәкістанда кіруі мүмкін.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, ҚР, Иран Ислам Республикасы мен Түркіменстан арасында Өзен-Қызылқая-Берекет-Этрек-Горган шойын жол құрылысын салу жөнінде меморандумға қол қойылған.
ҚР 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы ҚР президентінің жарлығымен 2006 қабылданған. Оның аясында құны $30 млрд инвестициялық ірі 80 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қаржының 70% инвестиция есебінен тартылу көзделген.