"Санаткерлік меншік саласындағы "қарақшылықпен" күрес шараларының аясында 939 тексеру жүргізіліп, әкімшілік заң бұзу туралы 908 іс қозғалды. Республикалық бюджетке айыппұл түрінде 11 млн. теңге түсті",- деді С.Нұғманов.
Вице-министрдің хабарлауынша, "Санаткерлік меншік мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы парламенттің талқысына ұсынылды. "Заң жобасында санаткерлік меншікке қатысты 5 арнаулы заң мен 6 кодекске санаткерлік меншік нысандарын заңсыз пайдаланғаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулер енгізу қарастырылған",- деді ол.
Комиссияның отырысына жиналған Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Украинаның санаткерлік меншік мәселелерін реттеуші мемлекеттік мекемелерінің өкілдері санаткерлік меншікті қорғауға қатысты өзекті мәселелерді қаузады.
Кездесуге қатысушылар бүгін санаткерлік меншік саласындағы заң бұзушылықтарға тосқауыл қою және олардың алдын алуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттер арасында ақпараттар алмасу мен ұлттық дерекқор құру жөніндегі тұжырымдама жобасын жасауды көздеп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті